KAZTOKEN уақыты – Біз құпияны сақтай аламыз!

  • Қазақстандық электрондық қолтаңба стандартын қолдау (МемСТ 34.310-2004 және МемСТ 34.311-95)
  • Жаңа қазақстандық ЭЦҚ стандартын қолдау (ҚР СТ МемСТ Р 34.10-2015 және ҚР СТ МемСТ Р 34.11-2015, сондай-ақ балама стандарттар МемСТ 34.10-2018, МемСТ Р 34.10-2012, МемСТ 34.11-2018 және МемСТ Р 34.11-2012)
  • Криптографиялық кілттердің алынбаушылығы
  • Қазақстандық және батыс криптографиялық алгоритмдердің аппараттық жүзеге асырылуы
  • ҚР СТ 1073 2007 қауіпсіздіктің үшінші деңгейіне сәйкестік сертификаты
  • CT KZ нысанындағы сертификат отандық өнім ретінде
  • Дерекқорларға, Web-серверлерге, VPN желілеріне және security-бағытталған қолданбаларға қол жеткізу кезінде құпиясөзбен қорғауды екі факторлы бағдарламалық және аппараттық аутентификацияға ауыстыру.
  • Пошта серверлеріне, дерекқорлар серверлеріне, Web-серверлеріне, файл-серверлеріне қол жеткізу кезіндегі аутентификация.
  • Ақпараттық жүйелерді, серверлерді, жұмыс станцияларын қашықтан басқару кезіндегі сенімді аутентификация.

  • Электрондық қолтаңбаны аппараттық жүзеге асыру.
  • ҰКО, ҚБЕАО, МО КО ірі қазақстандық куәландырушы орталықтарын қолдау.
  • Электрондық үкімет порталымен интеграция.

  • Жабық кілтті ақпаратты сыртқа беру мүмкіндігінсіз құрылғының өзінде криптографиялық операцияларды орындау үшін кілтті ақпаратты пайдалану.
  • Токенде өндірілген кілттерді көшіру мүмкін емес.
  • Токен жоғалса немесе ұрланса, қауіпсіздік бұзылмайды:

ақпаратқа қол жеткізу үшін PIN-код қажет.


  • Электрондық хат-хабарларды қорғау: поштаны шифрлау, пошталық жөнелтілімдердің электрондық қолтаңбасы.
  • Компьютерге және жергілікті желі доменіне қол жеткізуді қорғау.
  • Дискілердегі деректерді шифрлау мүмкіндігі.

  • Электрондық қолтаңба технологияларын пайдаланатын алуан түрлі ақпараттық жүйелерде зияткерлік кілт тасымалдаушы ретінде пайдалану.
  • Толыққанды шифрлау және электрондық қолтаңба құрылғысы ретінде криптографиялық сервис-провайдерлерінде, қорғалған құжат айналымы жүйесінде, логикалық дискілерді шифрлауға арналған БЖ-да пайдалану және т.б.
  • Қызметтік ақпаратты, пайдаланушылардың дербес ақпаратын, құпиясөздерді, шифрлау кілттерін, цифрлық сертификаттарды және кез келген басқа құпия ақпаратты сенімді сақтау үшін корпоративтік жүйелерде пайдалану.
  • Пайдаланушының корпоративтік жүйенің әртүрлі элементтеріне қол жеткізуі үшін бірыңғай сәйкестендіру құрылғысы ретінде пайдалану.



©2024 ТОО "Цифровой поток - Инновации".