KAZTOKEN NFC Смарт-картасы

KAZTOKEN NFC Смарт-картасы

Түйіспесіз NFC интерфейсімен толықтырылған KAZTOKEN смарт-картасы қазақстандық ЭЦҚ, шифрлау және хештеу алгоритмдерінің толық спектрін жүзеге асырады. Құрылғы пайдаланушылардың қауіпсіз екі факторлы аутентификациясына, шифрлау кілттері мен электрондық қолтаңбаларды генерациялауға және қауіпсіз сақтауға, құрылғының «бортында» шифрлауды және электрондық қолтаңбаларды орындауға, цифрлық сертификаттарды және басқа деректерді сақтауға арналған.

Смарт-карталар ақ пластикте де, тапсырыс берушінің макеті бойынша графикалық дизайнмен де жеткізілуі мүмкін.

Түйіпесіз NFC интерфейсі бар смарт-карта көшпелі реттеу бригадалары, жедел жәрдем бригадалары және мобильді жөндеу бригадалары сияқты планшеттерде немесе мобильді телефондарда ЭЦҚ технологияларын пайдаланатын мобильді пайдаланушылар үшін тамаша жарасады. Мобильді құрылғылар көбінесе NFC модульдерімен жабдықталған, бұл KAZTOKEN NFC карталарын қосымша оқығыштарсыз тікелей пайдалануға мүмкіндік береді.

Түйіспесіз интерфейс ұшқын қауіпсіздікке деген талаптар қойылатын жерлерде, мысалы, тау-кен кәсіпорындарында цифрлық қолтаңбаны енгізуді жеңілдетеді.

Мобильді құрылғыларда KAZTOKEN смарт-картасымен жұмыс істеу үшін Google Play сайтында жүктеп алу үшін қолжетімді KAZTOKEN mobile қолданбасын пайдалануға болады.

Куәландырушы орталықтарымен интеграция:

  • ҰКО;
  • ҚБЕАО КО.

Сертификаттар:

  • ҚР CТ 1073-2007.

[KAZTOKEN NFC смарт-картасының мобильді платформалар үшін] таныстырылымы(%D0%A1%D0%BC%D0%B0%D1%80%D1%82-%D0%BA%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%8B%20KAZTOKEN%20NFC%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%BC%D0%BE%D0%B1%D0%B8%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D1%85%20%D0%BF%D0%BB%D0%B0%D1%82%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC.pdf).



©2024 ТОО "Цифровой поток - Инновации".