KAZTOKEN Смарт-картасы

KAZTOKEN Смарта-картасы

Қазақстандық ЭЦҚ, шифрлау және хэштеу алгоритмдерін аппараттық іске асырумен смарт-картаның форма-факторында жасалған KAZTOKEN құрылғысы. Пайдаланушылардың қауіпсіз екі факторлы аутентификациясына, шифрлау кілттері мен электрондық қолтаңбаларды генерациялауға және қауіпсіз сақтауға, құрылғының «бортында» шифрлауды және электрондық қолтаңбаларды орындауға, цифрлық сертификаттарды және басқа деректерді сақтауға арналған.

Смарт-карталар ақ пластикте де, тапсырыс берушінің макеті бойынша графикалық дизайнмен де жеткізілуі, RFID-таңбаларымен жабдықталуы мүмкін.

Смарт-карта корпоративтік ортада қолданылу үшін ең қолайлы шешім болып табылады, өйткені ЭЦҚ-мен жұмыс, екі факторлы аутентификация, ҚББЖ үшін көп функциялы құрылғы ретінде және тіпті қызметкердің куәлігі ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Куәландырушы орталықтарымен интеграция:

  • ҰКО;
  • ҚБЕАО КО.

Сертификаттар:

  • ҚР CТ 1073-2007.


©2024 ТОО "Цифровой поток - Инновации".