KAZTOKEN

KAZTOKEN

Қазақстандық ЭЦҚ, шифрлау және хештеу алгоритмдерін аппараттық іске асырумен базалық модель. Пайдаланушылардың қауіпсіз екі факторлы аутентификациясына, шифрлау кілттері мен электрондық қолтаңбаларды генерациялауға және қауіпсіз сақтауға, құрылғының «бортында» шифрлауды және электрондық қолтаңбаларды орындауға, цифрлық сертификаттарды және басқа деректерді сақтауға арналған.

KAZTOKEN негізгі моделі оның корпусына кіріктірілген RFID-таңбасымен толықтырылуы мүмкін. Бір құрылғы 2 міндетті шешуге мүмкіндік береді: пайдаланушының ақпараттық ресурстарға қол жеткізуі және күзетілетін үй-жайларға физикалық қол жеткізу. RFID-таңбаларының әртүрлі RFID-оқығыш стандарттарының қолдауымен ерекшеленетін бірнеше нұсқасы бар: EM-Marine, Mifare, HID және т.б.

Куәландырушы орталықтарымен интеграция:

  • ҰКО;
  • МО КО;
  • ҚБЕАО КО.

Сертификаттар:

  • ҚР CТ 1073-2007;
  • CT KZ сертификаты.


©2024 ТОО "Цифровой поток - Инновации".