KAZTOKEN құрылғысында екі ДСН-код ескерілген: пайдаланушының ДСН-коды мен әкімшінің ДСН-коды. Осы екі ДСН-кодта дұрыс емес ДСН-кодты 15 енгізу әрекетінен кейін ДСН-кодты бұғаттайтын қорғаныс орнатылған.
Көбінесе пайдаланушының ДСН-коды пайдаланылады(порталдарға кіру, құжаттарға қол қою, тіркеу куәліктерін алу және т.б.). Әкімшінің ДСН-коды пайдаланушының бұғатталған ДСН-кодын бұғаттан шығару үшін және құрылғыны форматтау үшін пайдаланылады.
Әдепкі қалпы бойынша ДСН-кодтары
МАҢЫЗДЫ! Сіздің KAZTOKEN құрылғыңыз жоғалған немесе ұрланған жағдайда тіркеу куәлігіңіздің басқалардың пайдасына пайдаланылуын болдырмау үшін әдепкі қалпы бойынша ДСН-кодтарыңызды өзгертуді табанды түрде ұсынамыз.
ДСН-кодтарды пішімдеу және бұғаттан босату, сондай-ақ құрылғыңыз туралы ақпаратты алу үшін KAZTOKEN Басқару панелін пайдаланыңыз. Бұл құрал Жүктемелер бөлімінде жүктеп алу үшін қолжетімді толықфункционалды драйвердің құрамында жеткізіледі.
Салық комитеті 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік кірістер органдарымен электрондық құжат алмасу Ұлттық куәландырушы орталық берген электрондық цифрлық қолтаңбаның (ҰКО ЭЦҚ) пайдаланылуымен жүзеге асырылатынын хабарлады.
Енді мемлекеттік кірістер органдарымен өзара әрекеттесу және электрондық құжаттармен алмасу үшін ҰКО ЭЦҚ құралдарын алу, сондай-ақ «Жеке кабинет» ашу үшін «Электрондық үкімет» порталында тіркеуден өту қажет.
Жеке және заңды тұлғалар үшін СЕӨЖ ЭЦҚ кілттерін және Салық төлеуші кабинетінің ЭЦҚ кілттерін мына жерден алуға болады:
МАҢЫЗДЫ: ҰКО ЭЦҚ-ға арналған кілттер кез келген электрондық құжатты оған қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландыруға мүмкіндік береді, және бұл құжат қағаз нұсқасында қол қойылған құжатқа теңмәнді болады. Сондықтан, ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін алу бойынша барлық нұсқаулықтар мынаны көрсетеді: Назар аударыңыздар! «Дербес компьютер» қоймасы қауіпсіз емес. ЭЦҚ кілттері қауіпсіздігінің бұзылу қаупін азайту үшін қорғалған кілттік ақпарат тасымалдаушысын пайдалануды ұсынамыз.
«Қауіпсіз емес» дегеніміз не - бұл дербес компьютерде немесе флэш-дискіде (токенмен шатастырмаңыздар!) сақталатын кілттерді көшіріп алуға және сіздің атыңыздан сіз қол қоюға ниет білдірмеген құжаттарға қол қоюға болатындығын білдіреді. Зиянды БЖ арқылы да көшіріп алуға болады.
KAZTOKEN қорғалған тасымалдаушы болып табылады, себебі кілттер оның ішінде жасалады және одан ешқашан шықпайды, тиісінше оларды көшіріп алу мүмкін емес.
ҚР ҰКО ЭЦҚ-ны қауіпсіз сақтау, оны көшіру мүмкіндігін болдыртпау және ДСН-кодтың көмегімен қорғалған пайдалану үшін KAZTOKEN-ді пайдалануды ұсынады.
KAZTOKEN-ге шығарылған ҚР ҰКО тіркеу куәліктерінің қолданылу мерзімі 3 жылды құрайды.
Техникалық тұрғыдан алғанда, KAZTOKEN бірнеше жұп кілтті шығаруға мүмкіндік береді, алайда, құрылғыда KAZTOKEN-де шығарылған кілттерді пайдаланғыңыз келетін ақпараттық жүйенің тарапынан кілттер санына шектеулер болуы мүмкін.
**ҰКО ЭЦҚ-ға арналған кілттер кез келген электрондық құжатты оған қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландыруға мүмкіндік беретіндіктен, және бұл құжат қағаз нұсқасында қол қойылған құжатқа теңмәнді болатындықтан, кез келген иеленуші өз кілттерінің қорғалуына мүдделі. Бұдан басқа, сіздің кілттеріңізбен жасалған ЭЦҚ болуы бас тартпаушылықты, яғни сіздің авторлығыңыздың бірмәнділігін, сондай-ақ құжаттың бүтіндігін қамтамасыз етеді - бұл сіздің осы нақты құжатқа қол қойғаныңызды көрсетеді.
ЭЦҚ кілттерімен құжаттарға қол қою құқықтық салдарды тудыратын құқықтық саладағы әрекет болып табылады. Құжаттарға қол қою, сіздің атыңыздан өтініштер беру, сіз туралы ақпарат алу (электрондық үкімет сайтындағы жеке кабинетте де, басқа ақпараттық жүйелерде де) секілді сіздің кілттеріңізді заңсыз пайдаланудан және басқа да заңсыз әрекеттерден өзіңізді қорғағыңыз келсе – KAZTOKEN-ді пайдаланыңыз және ондағы әдепкі қалпы бойынша ДСН-кодын өзгертіңіз.
**ҰКО ЭЦҚ-ға арналған кілттер кез келген электрондық құжатты оған қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландыруға мүмкіндік беретіндіктен, және бұл құжат қағаз нұсқасында қол қойылған құжатқа теңмәнді болатындықтан, заңды тұлғаның басшысы кілттік ақпаратпен жұмыстың қауіпсіздігіне тікелей мүдделі. Кілттермен жұмыс істеу қауіпсіздігін KAZTOKEN қамтамасыз етеді, ал құрылғыға өзіңіздің ДСН-кодыңызды орнату оны рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды.
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңына сәйкес
10-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану
2. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттері оларды заңды негіздерде иеленетін тұлғалардың меншігі болып табылады.
Тұлға әртүрлі ақпараттық жүйелерге арналған электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттеріне ие бола алады. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін басқа тұлғаларға беруге болмайды.
Әдепкі қалпы бойынша Пайдаланушының ДСН-коды – 12345678
Құрылғыны сатып алғаннан кейін табанды түрде ДСН-кодты бірден өзгерту ұсынылады.
Әдепкі қалпы бойынша Әкімшінің ДСН-коды – 87654321
Құрылғыны сатып алғаннан кейін табанды түрде ДСН-кодты бірден өзгерту ұсынылады.
Kaztoken құрылғысын компьютерге жалғайсыз
Бағдарламада құрылғының анықталуын күтіңіз, содан кейін «ДСН-кодты енгізу» батырмасын басыңыз
«Қазынашылық-клиент» АЖ жүйесіне кіруге әрекет жасағанда “Сауалды қалыптастыру қатесі” хабарламасы көрсетілген жағдайда, келесі іс-әрекеттер реттілігін орындауға тырысу қажет:
“Сауалды қалыптастыру қатесі” хабарламасының көрсетілуі NCALayer бағдарламалық жасақтамасының жаңартуларының бірінде аппараттық қоймалардағы кілттерді сақтау және тізімдеу алгоритмінің өзгеруіне байланысты туындауы мүмкін, бұл, жан-жағынан алып қарағанда, бұрын жойылған кілттердің көрсетілуіне әкеле бастады. Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттер тізбегі дәл сол релеванттық емес кілттерді жоюға мүмкіндік береді.
Бағдарлама Windows жүйесіне арналған KAZTOKEN драйверімен бірге орнатылады.
Оны Жүктемелер бөлімінде жүктеп алуға болады.
Пайдаланушы үшін:
Kaztoken құрылғысын компьютерге жалғайсыз
Бағдарламада құрылғының анықталуын күтіңіз, содан кейін «ДСН-кодты енгізу» батырмасын басыңыз.
Әкімші үшін:
Kaztoken құрылғысын компьютерге жалғайсыз
Бағдарламада құрылғының анықталуын күтіңіз, содан кейін «ДСН-кодты енгізу» батырмасын басыңыз.
Орыс және қазақ тілдеріндегі Пайдаланушы нұсқаулығы Жүктемелер бөлімінде қолжетімді.
Ұлттық куәландырушы орталық (ҰҚО) KAZTOKEN құрылғысын кілттік ақпараттың қорғалған қоймасы ретінде пайдалануды қолдайды.
ҰКО порталдарымен жұмыс істеуге арналған жұмыс станциясын баптау жөніндегі нұсқаулық NCALayer пайдаланушы нұсқаулығында қолжетімді.
Тіркеу куәлігін (ЭЦҚ) алу рәсімінің жалпы түрі:
МАҢЫЗДЫ! KAZTOKEN құрылғысының тіркеу куәлігін алу үшін тіркеу куәлігін алуға өтінімді жібермес бұрын сізге KAZTOKEN құрылғысын өзіңіздің жұмыс станцияңызға қосу қажет.
ЕСКЕРТУ. Кез келген тасымалдауышта (жеке куәлік, файлдық жүйе және т.б.) жарамды (мерзімі өтпеген) тіркеу куәлігіңіз бар болған жағдайда, Сіз KAZTOKEN-ге жаңа тіркеу куәлігін ХҚКО-ға жүгінбей-ақ ала аласыз. Бұл үшін ҰКО Жеке кабинетіне өтіп, онлайн өтінімді беру жеткілікті. Онлайн өтінімді беру кезінде сізге жаңа тіркеу куәлігі үшін қойма ретінде KAZTOKEN құрылғысын таңдап алу қажет.
KAZTOKEN құрылғысын операциялық жүйелер мен қолданбаларда қатаң екі факторлы аутентификация үшін пайдалануға болады.
Кәсіпорында екі факторлы аутентификацияны іске асыру үшін қосымша бағдарламалық жасақтаманы сатып алу қажет емес, барлық қажетті базалық функционал Windows тобының операциялық жүйелерінде жүзеге асырылған. Бар болғаны, жұмыс станциялары мен серверлерге біздің толықфункционалды драйверімізді (Жүктемелер бөлімінде жүктеп алу үшін қолжетімді) орнату қажет.
Құрылғыны есепке алу, сертификаттың өмірлік циклімен байланысты үдерістерді автоматтандыру, аудит және есептілікті құру сияқты қосымша мүмкіндіктерді алу үшін біз сауал бойынша қосымша бағдарламалық жасақтаманы ұсынамыз.
ЕСКЕРТУ. KAZTOKEN құрылғысын ҚББЖ-мен біріктіру үшін RFID таңбасымен толықтыруға болады.
Сұрақтарыңыз бар ма?
Бізге info@kaztoken.kz мекенжайына жазыңыздар
Телефон: +7 771 929-50-64
WhatsApp: +7 777 044-93-00
©2024 ТОО "Цифровой поток - Инновации".